Сұрақ №7

Сүйек кемігі донорлығының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) бекітілген негізгі үш қағидаты

Құпиялылық
Заңдылық сүйек кемігін бергендігін құпия етуіне кепілдік береді. Донор өз дің жасушалары сәйкес келетін адамды танымайды және де керісінше, науқас жасушалары транспланттанған донорды білмейді.

Келісім
Донордың қолымен расталған жазбаша келісім ғана Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркеліміне енгізу мүмкіндігін береді. ДОНОР БҰЛ КЕЛІСІМДІ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ҚАЙТАРА АЛАДЫ.

Өтеусіздік
Донорға ешқандай ақшалай өтемақы төленбейді. Шет елдерде гемопоэздік жасушалар донорлығы әр адамның құрметті құқығы болып табылады, сондықтан мұндай донорларды СЫЙЛАУШЫ деп те атайды. Сонымен бірге, жинақтауды жүргізген медициналық мекеме жол жүру, тамақтану, аурухана немесе қонақ үй, тексерілу шығындарын, сондай-ақ еңбекақысын уақытша жоғалту кезіндегі өтемақы төлеуді өз мойнына алады.


© 2023 Областной центр крови. Все права защищены.