Гемопоэздік дің жасушалары (оларды сүйек кемігі жасушалары деп те атайды) әр адамның құрсақтағы кезінен басталып, әрқайсымыздың сүйек кемігінде пайда болып, көбейеді. Олардан адам қанының барлық жасушалары: эритроциттер, лимфоциттер, миелоциттер дамиды.
Тұқым қуалайтын ажалды және жүре пайда болған иммундық тапшылықты емдеуде, зат алмастыруда, гематологиялық және онкологиялық ауруларды емдеуде бұл жасушалардың қабілеті зиянды әрекеттің салдарынан сүйек кемігі мен иммундық жүйенің бұзылған қызметін қалпына келтіруде перспективалы болды, осылайша қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен қан жасушаларының хромосомаларында өзгерістер пайда болып, нәтижесінде олар қалыпты жасушаларға нақтылану және пісіп жетілу қабілетін жоғалтады және тез арада бақылаусыз көбейе бастайды. Мұндай жағдай лейкоз немесе қан обыры деп аталады. Дәрі-дәрмектер арқылы сауығу немесе ұзақ мерзімді жеңілденуге қол жеткізуге болады, бірақ кейде бұл мүмкін болмай жатады. Сондықтан да өмірді құтқарудың бірден-бір амалы сүйек кемігін немесе гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау болып табылады. Қазақстанда жыл сайын шамамен 300-ден артық адам сүйек кемігін транспланттауды қажет етеді, олардың тең жартысын жас өспірімдер құрайды.
Тіркелім ГДЖ транспланттауды қажет ететін пациенттер үшін құрылады. Ол қажет болған жағдайда сүйек кемігі доноры болуға ниет білдірген адамдар жөніндегі ақпараттан тұрады. Мұндай тіркелімдер барлық дамыған мемлекеттерде, сонымен қатар өз азаматтарына әлемдік деңгейдегі медициналық көмек көрсете алуды көздейтін елдерде де бар. Мысалы: бүгінгі таңда Арменияда 14 мыңнан астам донор, Ресейде 16 мыңға жуық, Германияда 3,5 млн., АҚШ 5,7 адам донор ретінде тіркелуге келісім берген. Барлық ұлттық тіркелімдер құрамында 19 миллионнан артық донорды қамтитын халықаралық тіркелімге біріккен.
Кез келген адам нақты пациент үшін донор бола алмайды. Туған бауырлардың да донор болу 30 пайызды ғана құрайды. Он балалы жанұяда да қажетті донор табылмауы мүмкін. Мұның себебі неде? Әр адамда «биологиялық өзіндік жеке куәлігі» немесе HLA-антигендерінің (human leucocyte antigens) жүйесі бар. Бұл антигендер иммунитет, оның ішінде донордың органдары немесе дің жасушалары ретіндегі «бөтен» денелерді танып, жою үшін жауап береді. Ол қан тобы жүйесімен ұқсас келмейтін өте күрделі жүйе. Егер де донордың HLA-антигендері жүйесі бойынша пациентке сәйкес келмесе, трансплантанттың ажырап қалу реакциясы пайда болып, пациент сауығу үмітінен қол үзеді.
Адамның HLA-антигендері негізінде оның этникалық тиістілігі жатыр. Көптеген халықаралық тіркелімдегі донорлар біздің пациенттерге сәйкес келмеуі мүмкін. Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда HLA-антигендерін зерттеу жүйесі бұрын жүргізілмеген, яғни Қазақстан халықтарының генофонды зерттелмеген. Бұдан басқа, өз тіркелімі және өз мәліметтер базасын ұсына алмайтын мемлекет үшін тіркелімде қажетті донорды іздеудің құны мыңдаған евроға дейін барады. Сонымен қатар, донорды іздеуге кеткен уақыт (орташа есеппен бірнеше айға, кейде жылдарға да созылады), транспланттау сәттілігін төмендетеді.
Құпиялылық
Заңдылық сүйек кемігін бергендігін құпия етуіне кепілдік береді. Донор өз дің жасушалары сәйкес келетін адамды танымайды және де керісінше, науқас жасушалары транспланттанған донорды білмейді.
Келісім
Донордың қолымен расталған жазбаша келісім ғана Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркеліміне енгізу мүмкіндігін береді. ДОНОР БҰЛ КЕЛІСІМДІ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ҚАЙТАРА АЛАДЫ.
Өтеусіздік
Донорға ешқандай ақшалай өтемақы төленбейді. Шет елдерде гемопоэздік жасушалар донорлығы әр адамның құрметті құқығы болып табылады, сондықтан мұндай донорларды СЫЙЛАУШЫ деп те атайды. Сонымен бірге, жинақтауды жүргізген медициналық мекеме жол жүру, тамақтану, аурухана немесе қонақ үй, тексерілу шығындарын, сондай-ақ еңбекақысын уақытша жоғалту кезіндегі өтемақы төлеуді өз мойнына алады.
Өзгенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беруді шешкен кез келген адам сүйек кемігінің доноры бола алады. Бұл үшін: ¬ өзгенің өмірін құтқарып алу үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіну керек; - тіркеу кезінде 18 жастан жоғары, 55 жастан кіші болу керек.
Адамдар ақпараттан хабарсыз болғандықтан гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы туралы аз біледі. Ең көп кездесетін жаңылулардың бірі жасушалар омыртқадан алынады. Сонымен, гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы қауіпті болып көрінеді. Сүйек кемігі перифериялы және кіндік қан клиникалық мақсаттағы гемопоэздік дің жасушаларының көзі болып табылады. Сүйек кемігінің көзін таңдау реципиенттің негізгі ауруының сипатына, донордың қалауына және клиникалық көрсеткіштердің бар болуына байланысты болады. Сүйек кемігін алуда адекватты ауырсынуды басу жүргізіледі. Перифериялық қан транспланттау үшін ГДЖ көзі ретінде жиі пайдаланылады. ГДЖ көлемі 3-6 күн бойы дәрілік заттармен жұмылдырудың әсерінен күрт өседі. Перифериялық қанның дің жасушаларын лейкоферез жолымен жинақтайды, ол емдеуге жатқызу мен жалпы ауырсынуды басуды талап етпейді.
Кіндік қанның ГДЖ плацента түсу барысында немесе одан кейінгі 1-3 минут ішінде жасайды. Жиі кездесетін екінші жаңылу ГДЖ доноры болу үшін осы жасушаларды тұрақты түрде тапсырып отыру керек, бұл олай емес, жасушаларды өміріңізде бір-ақ рет тапсыруыңыз мүмкін. Жиі кездесетін үшінші жаңылу үйлесімді донорды табу оңай, сондықтан көптеген адамдар Тіркелімге кіру қажет емес деп есептейді. Алайда сәйкес келетін туыс емес екі тұлғаның үйлесімділігі 1:1000000 құрайды. Гемопоэздік дің жасушаларының әрбір жаңа донорын
Тіркелімде тіркеу – балалар мен жақындарымыздың сауығуы үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Әрқайсымыз осы өмірде өте маңызды адам екенімізді есімізде сақтап жүрейік, өйткені бәріміз бірге біз ҒАЖАЙЫП жасай аламыз. Біз балаларымыз бен жақындарымызға өзіміз ғана көмектесе алатын жалпыға ортақ қайғыға қосылатыныңызға сенім білдіреміз. Бізге Сіздің ақшаңыз емес, қайғыға ортақтасуыңыз керек, өйткені қайғыға ортақтасу адамдарға ғана тән.