Негізгі терминдер
Гемотрансфузиондық терапия - донорлық қан және препараттар қолданылатын кезде емдеу әдісі.
АВО қан тобы – оған қатысты антидене бойынша (агтлютин)және эритроциттер антигенінің әртүрлі үйлесімі. (агтлютиногендер).
Донор – медициналық мақсаты үшін қан және оның компоненттерін ерікті беруге ықылас білдіруші жеке тұлға.
Контаминация – шығатын шикізаттың, материалдардың немесе дайын өнімнің басқа қоспалармен ластануы.
Қан тобы - өмір бойы өзгермейтін, адам қанынан анықталатын, барлық генетикалық факторларды қамтитын термин.
Қан компоненттері – бағытталған терапевтикалық құрамды бойына сіңірген, плазма және пішінді элементтер түрінде белгіленген қанның құрамды бөліктері.
Тұтас қан (донорлық) – залалсыздандырылған және контейнер мен апирогенді антикоагулянтты қолданумен донордан алынған қан. Негізінде қан компоненттерін қолдану үшін тағайындалған тұтас қан.
Қан препараттары – қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрі-дәрмектер.
Аферез – арнайы қан клеткаларының сепараторларын қолданумен олардың дайындалуы және дара қан компоненттерін қан айналымынан жою.
Лейкофильтрация – арнайы лейкоцитарлық сүзгі арқылы лейкоциттерді қан және оның компоненнттерінен жою.
Патогенді биологиялық агенттерді – адам ағзасына түскен кезде инфекциялық жағдай тудыратын микроорганизм.
Плазма – оның пішінді элементтерінен босатылған қанның сұйық құрамды бөлігі;
Плазмаферез - қан клеткаларының трансфузия айналымымен донордан плазма дайындауды қарастыратын қан донациясының емшарасы.
Резусты анықтау – адам қанында (Д,С,Е) резус жүйесінің эритроцит антигенінің жоқтығын немесе бар болуын анықтайды – Rho (D) антигені бар топтарды (Rh+) резусы оң, құрамында антиген жоқ топтарды – резусы теріс (Rh-) деп есептелінеді.
Реципиент – донорлық қан немесе оның компоненттерін құю жүргізілетін емделуші.
Трансфузионды инфекциялар – донорлық қан және оның компоненттерін құю кезінде тасымалданатын инфекциялық ауру. Өте маңыздылары - АИТВ, перентеральді гепатиттер, мерез, цитомегалавирусты және герпетикалық инфекция.
Цитаферез – лейкоциттер, эритроциттер немесе тромбоциттер сияқты клеткалы қан компоненттерін алу үшін тағайындалған аферез емшарасы (автоматты қан сепараторларын қолданумен бір донордан клеткалы қан компоненттерін алу әдісі).
Апирогенттік - адамда қолайсыз температуралық реакция тудыратын, техникалық субстанция реттегішінің нышанда жоқтығы.
Донор – донорлық қан және оның компоненттерін алу жүргізілетін адам, жануар, адам мәйіті, басқа донорлық материалдар (соның ішінде шәует, жынысты жасушалар, ұрық жасушасы) сондай-ақ реципиентке трансплантация үшін ағза және тін алу.
Реципиент – донорлық қан құю жүргізілетінемделуші немесе донордан препараттар және компоненттер бөлінген, ер немесе әйел донорлық материалдарын енгізу (шәует немесе ұрық жасушасы) немесе тін трансплантациясы және ағза.
Трансплантация – басқа организмге немесе организмнің басқа орнына ағзаны және тіндерді орнату, орналастыру.
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.