Тарих

Ақтөбе облысы қан қызметінің тарихы


Ақтөбе облысының қан қызметі 1940 ж қалалық аурухана жанында қан құю бөлімі(ҚҚБ) ретінде ұйымдастырылды ҚҚБ бірінші меңгерушісі осы аурухананың дәрігер-хирургі Кузнецова Мария Ивановна болды. ҚҚБ жылына 17 литр консервирленген қан дайындады.

Ұлы Отан соғысы жыдары Ақтөбе қаласында жарақаттанғандар үшін госпитальдің ашылуына байланысты көп мөлшерде консервирленеген қан қажет болды. Медицина қызметкерлерінің өздері және Лазаревтер (қызы мен анасы), Маймур (әкесі,анасы, ұлы, қызы), Рудич сияқты басқа да бір тұтас отбасылары донор болды.

1960 жылы аудандық аурухана базасында облыстың ірі аудандарында алғашқы қан құю бөлімдері(ҚҚБ) біздің облысымызда ұйымдастырыла бастады.

1961 жылы облыстық аурухананың жаңа ғимараты енгізілу кезінде(Асау Барақ көшесі бойындағы бұрынғы облыстық клиникалық балалар ауруханасы) қан құю бөлімі облыстық аурухана балансына тапсырылды. Осы кезде тұрғындар арасында ақысыз донорлық дамыды. Тағы да алғашқы ақысыз донор болған біздің қаламыздың медқызметкерлері: Ю.Ф. Пименова, Н.А. Кузьмина, Н. Егорова, А.В. Лепеха, Г.А. Ременюк және тағы да басқалары.

1966 жылдың қаңтарынан бастап облыстық аурухананың қан құю бөлімі жылына 600 литр қан жоспарлы тапсырмасымен ІV санаттағы қан құю станциясына қайта құрылды.Алғашқы бас дәрігер болып 1966 жылғы Алматы медициналық институтының түлегі, дәрігер-хирург Константинов Владимир Николаевич тағайындалды. Константиновтың В.Н. жұмыс істеу кезенінде донордан плазма алудың жаңа әдісі – плазмаферез тәжірибеге 1966 жылдың қазанынан бастап енгізілді. 1971 жылдың басынан бастап донордың иммунизациясы және антистафилококты плазма алу бойынша жұмыс жөнге қойылды.

1977 жылдың қаңтарынан-1994 жылдың ақпан айы аралығында Ақтөбе ОҚҚС бас дәрігері қызметіне Пожиткова Таисия Филипповна тағайындалды, АММИ 1963 жылғы түлегі.

1987 жылодан бастап құрғақ, жаңамұздатылған, антипротейнді,іріңгеқарсы плазма шығару енгізілді. 1988 жылдан бастап мұздатылған криопреципитат (VIII фактор) шығара бастады, был налажен выпуск консервирующего раствора крови «Глюгицир» консервирленген қан ерітіндісін шығару жолға қойылды. Сондай-ақ емдеу мекемелерінің тапсырысы бойынша ЭМОЛТ (лейкоциттермен және тромбоциттермен біріктірілген эритроциттік масса) дайындау енгізілді.

1977 ж. бастап 1994ж.ОҚҚС консервирленген қанды дайындау көлемін жылына 9 тоннаға дейін ұлғайтты және ІІ санатқа ие болды. АИТВ/ЖИТС зерттеулерін жүргізу үшін облыста алғашқы орталықтандырылған зертхана ОҚҚС базасында ашылды.

1994 ж. бастап директор Избагамбетова Рахимжан Мешиткалиевичатің басшылығымен Ақтөбе қаласының Облыстық қан құю станциясы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Облыстық қан орталығы» болып қайта құрылды, Алға қ. қалалық қан құю станциясы жабылды.

Қан қызметінің құрылымы 1 ОҚО, 4ҚҚБ(№1 перзентхана жанындағы ҚҚБ, Теміржол ауруханасы, Хромтау орталық аудандық аурухана, Алға аудандық орталық аурухана) және қан дайындайтын 10 ауруханадан құрылады.

2003 ж бастап директор Алдияров Жоламан Мухиятдиновичтің басшылығымен Облыстық қан орталығының МКҚК қайта құрылуына байланысты ақылы қызмет көрсетуге мүмкіндік алды. ОҚО алғашқы рет АИТВ диагностика зертханасында донорларға орталықтандырылған зерттеу жүргізілді, жүргізушілерге медициналық тексеріс жүргізу кезінде қан тобы мен резусы туралы сертификат беру енгізілді, облыс аудандарында донорлық қанды дайындаудың жылжымалы түрі қайта жандандырылды.

2004 ж бастап директор Кузембаев Серик Тлектесовичтің басшылығымен өндірілетін өнімнің мемлекеттік тапсырысының атауы қан компонентінің өндірісі ретінде қаралды. Кузембаева Серика Тлектесович басшылық еткен жылдары облыстың қан қызметі оңтайландырылды-қан дайындайтын 4 ҚҚБ және 10 аурухананың жабылуы, аудандардағы қан кабинеттері нің және қан орталығының материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарды, донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігінің әдісі енгізілді-плазма карантинизациясы, тромбоциттердің және құрамында эритроцит бар компоненттердің лекофильтрациясы,плазма вирусинактивациясы, тромбоциттер мен плазма дайындаудың аппараттық әдісі.

2012 жылдан бастап директор Неталин Гульнара Жалеловнаның басшылығымен сапаны бақылау бөлімі ашылды, сондай-ақ ақысыз донорлықты кеңінен насихаттау басталды, облыс кәсіпорындарының басшыларын тарту, алғашқы рет ақысыз донорларды қосымша мадақтау түрі облыстық маслихат деңгейінде қарастырылуда, донорлыққа тарту және шақыру бойынша жергілікті АҚ «жүгіртпе жолында» алғашқы рет үнемі трансляцияланды, қала ортасында ледэкранда жарнама және донорлық туралы бейнеролик, қаланың ЖОО студенттерін донорлар қатарына тарту бойынша үндеу жұмыстары, сондай-ақ донорлық қозғалыстың еріктілерін мадақтау.


Мы в Instagram

price

Экран дикторы

donor
akkorda
zdravohranenie
nurli_zhol
gos_simvoli
med_strahovka
price
price

© 2023 Областной центр крови. Все права защищены.